1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жатақхана тәрбиешілері Шыныбаева А.С. пен Мейримова Н.С. жатақхана студенттеріне «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Тәрбие сағаты кіріспе сөзбен басталып, Амантаев Қ. орындалуында монолог оқылып,мақал-мәтелмен толықтырылып, флешмоб «Достық биімен» жалғасып «Атамекен» әнімен аяқталды.