2021 жылдың 3 қарашада «Парасаттылық мәдениетін ілгерлету жөніндегі» кешенді жоспар аясында TedX форматында «100 жаңа есім» тізіміне енген ШҚО тумасы, белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеевпен Семей қаласындағы құрылыс колледжінің студенттерінің кездесу ұйымдастырылды.

Дулат Тастекеев кездесу барысында бизнесті дамыту, сол арқылы ел экономикасына сүбелі үлес қосу, адал кәсіппен жүргізу, халық қамын жасау, болашақтағы жоспарлары  туралы  ой  бөлісті.

Қазақстанның экономикасының дамуы жастардың білімді және білікті болуына байланысты дей келе әрбір жас өз үлесін қосу керектігін айтты.

Өзін емес өзгені көп ойлайтын бір туар азамат, елінің ертеңіне алаңдайтынын айтып,  талай жанға демеушілік қолдау көрсетті.

Құрылыс колледжінің ардагер ұстазы үстіміздегі жылы Семей қаласында қаншама жылдардан бері салынып  бітпей тұрған мешіттің бітуіне негізгі себепші болып, мешіттің құрылысын аяқтап бергені үшін алғысын білдірді. Кездесу сонында  студенттерге «Өте маңызды» кітабын сыйға тартты. Қазақстанды шет елдерге танытып жүрген Дулат Тастекеевке студенттер алғысын білдірді.