Сырттай

Сырттай оқу бөлімі студенттерінің диплом жобаларын қорғауы

2019 жылдың 25 сәуірінде Семей қаласының «Құрылыс колледжі» КМҚК сырттай оқу бөлімі студенттері «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы, «техник-құрылысшы» біліктілігі және «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы, «техник-құрылысшы» біліктілігі бойынша дипломдық жобаларын қорғады. Семей қаласының құрылыс кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды мемлекеттік аттестаттау сәтті өтті деп айтуға болады.

Tarihi

«Tarіhi-mádeni eskertkishter tarihtan syr shertedi» атты ашық тәрбие сағаты

2019 жылғы 25 сәуір күні Ж.М. Қалиасқарованың жетекшілігімен 31 ПГС тобында Рухани жаңғыру – «Тәрбие және Білім» бағдарламасы негізінде «Tarіhi-mádeni eskertkishter tarihtan syr shertedi» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сәулет ескеркіштері арқылы студенттерді ұлтжандыққа тәрбиелеу және мамандыққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтілген тәрбие сағаты өз мақсатын жетті деп бағаланды.