Волонтерлық жұмыстар

07.10.2021 жылы «Құрылыс колледжі» КМҚК-да Семей қаласы «Жастар ұйымы» волонтерларымен кездесу өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жастар ұйымынан келген волонтерлар колледж студенттерімен кездесу барысында, қаладағы волонтерлық жұмыстарға атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйымының «Жас кәсіпкер» жобасы туралыда ақпарат берді.