Тойболатов Айбек 1 және 2 жүлделі орындарға ие болды

Қазан айының 11-30 күндері С-11 тобының студенті Тойболатов Айбек  бокстан 80 кг салмақпен Абай ауданы, Аягөз ауданы, Қарағанды қаласындағы жарыстарға қатысып, жүлделі 1, 2-орындар иеленді.  Айбекке алдағы жарыстарға тек сәттілік, жеңістер тілейміз! «Спорт – денсаулық кепілі» демекші спортшы шәкірттеріміз көп болсын!