С-11 тобының мерекелік челленджі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында С-11 тобы «Құрылыс колледжінің» ұжымын және студенттерін құттықтап, 1 курс студенттеріне мерекелік челлендж жолдады. Топ жетекшісі: Қалиасқарова Ж.М.

Имашев Айқын бірінші жүлделі орынға ие болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған  панкратионнан  Семей қаласының ашық чемпионатына 18-19 жас аралығында 60 кг салмақ дәрежесі бойынша 1 орын алған Имашев Айқын мақтау қағазымен және медальмен марапаталды.

«Киіз үй-таңғажайып сәулет туындысы. Грамматикалық талдау» тақырыбында ашық сабақ

06.12.2021 жылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығында қазақ тілі пәнінен Ж.М. Қалиасқарова «Киіз үй-таңғажайып сәулет туындысы. Грамматикалық талдау» тақырыбында 11 ПГС тобымен колледжішілік ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы жаңартылған білім беру техгологиялары бойынша «ашық микрофон», «дұрыс және бұрыс», «білім қоржыны», «есіміңді ерекшеле», «сиқырлы киіз үй» сияқты түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп…