«My pro» мамандықтар фестивалі

«Құрылыс колледжі» КМҚК-да бір апта бойы «My pro» мамандықтар фестивалі өтті. Бұл фестивальға қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Болашақ талапкерлер колледж шеберханаларна саяхат жасап, жаңа заман талабына сай құрылыс саласына қажетті заманауи технологиямен оқытуға қолданылатын жабдықтармен танысты. Қызығушылық білдірген оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, оқуға деген тілектерін білдірді.