Дауыс беру басталды!

Талантты жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарын танымал ету мақсатында жыл сайын ұймдастырылатын «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсы жеңімпаздарын анықтайтын дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру қараша айының 1 мен 15 күні аралығында «Talap» КЕАҚ ресми сайтында (https://kasipkor.kz/prod/top100/index.php) өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Құзыреттілік орталығында студенттерді оқыту

Жоспарға сай 2 курс студенттеріне құзырет орталығында оқыту ұйымдастырылды. Студенттерді заманауи құрал-жабдықтарда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өндірістік оқыту шеберлері әр құрал-жабдықтың мән-мағынасы туралы түсіндіріп, үйретті. Шеберлер студенттерге әрбір жабдықтың техникасының жұмысын көрсетумен қатар, қалай қолданылатынын көрсетті. Студенттер қызығушылықпен бақылап, заманауи құрал-жабдықтарды іс жүзінде қолдануға қатысты. Оқу мақсатына қол жеткізілді.