Педагогикалық кеңес
2025 жылы маусым айының 30-ы күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде 2024-2025 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өтті. Колледж директоры Қаныш Мақсұтұлының бастамасымен ұйымдастырылған кеңес колледж ауласында жылы шырайлы, еркін атмосферада өтті. Мақсат – ұжым ішінде психологиялық жайлылық пен сенімді қарым-қатынас орнату. Кеңес барысында оқытушылар сергітетін ойындар ойнап, мотивациялық би билеп, бір-біріне жылы лебіздерін…