205 тобының студенттері аэрофотогеодезияда өз дағдыларын шыңдай отырып, ақылы өндірістік практикадан сәтті өтіп жатыр! Бұл тәжірибе:

– Аэрофототүсірілім жүргізу;

– Аэрофотосуреттерді дешифрлеу және өңдеу;

– Заманауи геодезиялық жабдықтармен жұмыс жасауда мол тәжірибе мен кәсіби білім алуға бірегей мүмкіндік береді.

Біздің студенттер теориялық білімді практикалық тәжірибемен үйлестіре отырып, өздерінің кәсіби мақсаттарына нық сеніммен қадам басуда. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!