8 наурыз Халықаралық əйелдер мейрамы қарсаңында наурыздың 7 күні құрылыс колледжінде мерекелік іс шара өткізілді. Іс шара барысында колледж студенттері əн айтып, би билеп, көңілді көрініс қойып, өз өнерлерін көрсетіп колледжіміздің аруларына, ұстаздарына, барлық əйелдер қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады. Осы іс шараны ұйымдастыру мен өткізуде жауапкершілік танытып, белсене қатысқандары үшін колледжіміздің студенттері мен жалпы білім беретін пәндер бірлестігіне жəне колледжіміздің көркемдік жетекшісі Нұргүл Елеусізовнаға алғысымызды білдіреміз!