2024 жылғы 30-31 қазан аралығында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК базасында «Tytan Professional-дан заманауи шешімдер» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараны «SELENA CA» фирмасы ұйымдастырды. «SELENA CA» фирмасысының техникалық бөлім басшысы Кабдрахман Шерали мен сараптама жасау және кеңес беру технологияларын оқыту бойынша маман Байбакушев Рашид қатысушыларға сылақтау мен толтырудың, орнату көбіктерінің, көбік желімдерінің, герметиктердің, цемент желімдерінің жаңа түрлерін таныстырып, көрсетті.
«Tytan Professional-дан заманауи шешімдер» бағдарламасы өзекті бағыттар бойынша интерактивті білім беру блоктарынан тұрды. Іс-шара барысында қатысушыларға «Tytan Professional» жаңа технологияларын сынау мүмкіндігі берілді. Шеберлік сынып аясында олардың брендінен сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. Шеберлік сыныбы болашақ қызметте қолдануға ықпал ететін көптеген пайдалы және қажетті ақпараттарды қамтыды. Бұл, әрине, құрылыс саласындағы жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде орындауға көмектеседі.