2024 жылы қазан айының 29-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК директоры Тулеуов Қаныш Мақсұтұлы «Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс, 14 ТГ тобының студенттеріне дүние жүзі тарихы пәнінен «Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау түрінде өткен ашық сабақтың мақсаты – білім алушылардың тарихи оқиғалар мен процестерді ұғынуы үшін қажетті ақпараттар мен терминдерді оқыту, мемлекеттің пайда болу тарихын түсіндіру болды.
Сабақ барысында фронтальдық, жекелей және топтық жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта мен АКТ құралдары тиімді қолданылды. Топ студенттерінің белсенділігі сұрақтарға жауап беру, топтастыру жұмыстарын жүргізгенде анық көрінді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізе отыра өз мақсаттарына мүдірмей жеткен облыстық ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.