2024 жылдың 18 желтоқсанында ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.М. Алпысова «Техник-аэрофотогеодезист» біліктілігі бойынша оқитын 1 курс 16 ТА тобымен колледжішілік ашық оқу сабағын өткізді. «Пластиктердің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбындағы ашық оқу сабағы тренинг сабақ түрінде өтіп, шет тілінде тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілетін білдіретін коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Сабақ барысында білім алушылар еркін пікірталасқа түсіп, аргументтер бойынша егжей-тегжейлі талқылауларға қатысты, күрделі сұрақтар қойып, оларға жауап берді, күрделі, жіктік, салыстырмалы және күшейткіш сын есімдер бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындады. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оқытушы wordwall.net, learningapps білім беру платформаларын тиімді пайдаланып, коммуникативті, лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени тәсіл, эмоционалды-семантикалық сияқты оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдаланды. Сабақта қолданылған оқыту әдістері күтілетін нәтижеге қол жеткізуге және барлық студенттерді оқу процесіне тартуға ықпал етті.