2024 жылдың 12 – 14 желтоқсан аралығында Жас оқытушылар мектебінің «Қазіргі сабақ түрлері мен құрылымы, мақсаты» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті. Отырыстың негізгі мазмұны сабақ түрлері туралы теориялық ақпарат беру, сабақ құрылымын жоспарлау, жаңа технологиялар мен құралдарды қолдану туралы педагогикалық тәжірибе алмасуды қамтыды. Баяндамашылар – тәжірибелі оқытушылар А.К. Ердешева, А.О. Садвакасова, А.М. Адильханова, А.Т. Бодиева сабақ жоспарын құру мен оны ұйымдастырудың заманауи талаптарына сай жұмыс істеудің жаңашыл әдістерімен бөлісті, жас оқытушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

Отырыс нәтижесінде:

– жас мамандар сабақ беру әдістерін жетілдіруге қатысты нақты нұсқаулықтар алды;

– педагогтар заманауи технологияларды қолдану арқылы білім беру сапасын жақсарту мүмкіндіктерін талқылады;

– жаңа әдістемелік идеялар мен оқыту тәсілдерін меңгерді.

Мұндай отырыстар жас оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, өзара қолдау көрсетуге және шығармашылық идеяларды дамытуға ықпал етеді.