2024 жылғы 17 желтоқсанда арнайы пәндер оқытушысы И.Т. Төлеубек «Тау бедер формалары. Қалыптасуына байланысты таулардың жіктелуі. Тектоникалық және вулкандық тау жүйелері» тақырыбында «Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс 103 ТГ тобымен облыстық ашық оқу сабағын өткізді. Сабақ барысында білім алушылар тау бедері пішіндерімен және олардың пайда болуына қарай жіктелуімен танысты, тектоникалық және жанартаулық тау жүйелерін қарастырды. Сабақтың мақсатына жету үшін жасанды интеллект, learningАpps бағдарламасы, Genially бағдарламасы, Padlet тақтасы, Гамма бағдарламалары ұтымды қолданылды. Шоқан Уалихановтың терең түсінікке негізделген қанатты сөздерін сабаққа кірістіру оқу мен тәрбиенің біртұтас болуын қамтамасыз етуге ықпал етті. Студенттердің белсенділігі, кері байланыс орнатуы, өз білімдерін бағалауы облыстық ашық оқу сабағының әдістемелік мақсатына жеткендігінің көрінісі болды.