Абай облысының жалпы білім беретін мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Қазақстанның жас ұрпақтарының шығармашылығы» бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерден облыстық көрме сайысына біздің де колледж студенттері арнайы пәндер оқытушысы Өмірзақова Құндыз Оралбайқызының жетекшілігімен қатысып қайтты. Аталған облыстық көрме сайысында 1 курс 14 ТГ тобының студенті Қайнаров Темірлан «Үздік жұмыс» номинациясымен, ал 16 ТА тобының студенті Төлеутай Олжас қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Жетістіктеріңіз көп болсын!