«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПЦК-ның апталығы ұлттық құндылықтарды дарыту, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралар топтамасын қамтыды. Апталықтың бағдарламасы колледж студенттеріне тарихи, мәдени және тілдік білім берудің маңыздылығын атап көрсетіп, Қазақстанның тәуелсіздігін насихаттау, ұлттың тарихы мен дәстүрлерін сақтау мақсатында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтыды. Апталық барысында І курс студенттері арасында Қазақстан тарихы және шетел тілдерінен ашық оқу сабақтары өткізілді, ал қазақ тілі пәнінен колледжішілік олимпиада ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысы мен «Литературный суд», «The best of the best» сияқты сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кездесу ұйымдастырылып, студенттерге ұлттық мерекенің мәні мен маңызы туралы әңгімелер айтылды. «Ұлы даланың мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, еліміздің бай тарихи мұрасы мен мәдениетіне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, әртүрлі ойындар мен жарыстар («Сұрақтар әлемі», «Рәміздер мен тұлғалар сәйкестігі», «Бес асық», «Ақиқат» немесе «Жалған» ойындары) студенттердің қызығушылығын арттырып, ұлттық ойлау қабілеттерін дамытты. Апталықтың соңында колледжде «Тарих пен тіл ұлттың ұлы мұрасы» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара арқылы студенттерге ұлттық мұраларды сақтау, қастерлеу және ұлттың тарихи жолын құрметтеу туралы ойлар жеткізілді. Апталық аясындағы іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, ұлттың ұлы мұрасын қадірлеуге, жастардың бойында патриоттық сезімдер мен ұлттық сананы дамытуға ықпал етті деп білеміз.