15 сәуір күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Апбасов А.Г., Касимов Р.Г., Қалымбекова М.Қ. және Оразханова Б.Ғ. Жаңасемей ауданына қарасты Озерки және Талица орта мектептерінде 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу мерзімі, әр мамандықтың маңыздылығы мен болашақтағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, сұранысқа ие техникалық бағыттар, оның ішінде дәнекерлеу, құрылыс, және геодезия салалары бойынша қызықты мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар белсенділік танытып, оқытушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.