2025 жылы сәуір айының 18-і күні «Абай облысы білім басқармасы» ММ және «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ қолдауымен «Геодезия, картография және құрылысжоғары колледжі» КМҚК-да Абай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында алғашқы облыстық педагогикалық шеберлік байқауы өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосып жүрген шығармашыл басшы орынбасарларын анықтауды мақсат еткен байқауда колледжіміздің құрметті ұстазы, педагог-зерттеуші, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» марапатының иегері, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары НУРГОЖАНОВА АРАЙ СЕРЫКЖАНҚЫЗЫ жүлделі I орынды иеленді!
Үздіктердің үздігі атанған АРАЙ СЕРЫКЖАНҚЫЗЫН марапатымен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!