Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің 202 ТГ және 203 ТА топ студенттері өндірістік тәжірибе барысында еліміздегі маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Алматы – Бішкек бағытындағы республикалық жол құрылысына қатысып, геодезиялық жұмыстарды орындауда белсенділік танытуда.
Аталған жоба Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Студенттер кәсіби геодезист мамандармен бірге жұмыс істей отырып, нақты құрылыс алаңында құнды тәжірибе жинақтауда.
Практика барысында студенттер заманауи геодезиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйренуде: GPS өлшеу жүйелері, сандық нивелирлер, электронды тахеометрлер, сонымен қатар деректерді өңдеу және атқарушы түсірілімді орындауға қатысуда.
Студенттердің осындай ауқымды жобаларға қатысуы – олардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, командалық жұмыс дағдыларын дамытады және болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына негіз болады.