2025 жылдың 23 сәуірі күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 9-11 сынып оқушыларына арнап кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына колледж мамандықтары туралы толық ақпарат беру, болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар көрсету және техникалық білімнің маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесу барысында колледж оқытушылары оқу орны туралы, ондағы «Геодезия», «Картография», «Құрылыс» мамандықтары бойынша білім алу мүмкіндіктері жайлы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар, колледждегі материалдық-техникалық база мен студенттерге арналған әлеуметтік қолдау түрлері таныстырылды.
Оқушылар тарапынан белсенділік байқалып, көптеген сұрақтар қойылды. Әсіресе практикалық сабақтар, өндірістік тәжірибе және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мәліметтер ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара нәтижесінде көптеген оқушылар техникалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылық танытып, колледж туралы қосымша ақпарат алуға ниет білдірді.