Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің төртінші курс студенттері «Atlant» заманауи тұрғын-үй кешеніне экскурсияға барды. Бұл экскурсия болашақ құрылысшылар үшін тұрғын үй құрылысы мен аумақты абаттандыру жұмысындағы озық шешімдерді көруге үлкен мүмкіндіктер берді.
Құрылыс мамандары түлектерге кешен бойынша толық экскурсия жүргізіп, пәтерлердің орналасу ерекшеліктері, қолданылатын құрылыс материалдары мен технологиялары, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы орта құру тұжырымдамасы туралы тың ақпараттар берді.
Экскурсия барысында:
• Қасбеттердің эстетикасы, орналасу функционалдығы және заманауи материалдарды пайдалану сияқты заманауи архитектуралық шешімдерге;
• Кешенде қолданылатын заманауи жылыту, желдету, сумен жабдықтау және қауіпсіздік техникасы сияқты инженерлік жүйелерге;
• Инфрақұрылымға: Көлік жолдарына қолжетімділігі мен қажетті нысандарға жақын орналасуы тұрғындар тарапынан «Atlant» ТК-ға деген қызығушылығын арттыратындығына ерекше назар аударылды.
Бұл экскурсия студенттерге теорияны іс жүзінде көріп қана қоймай, қызықтырған сұрақтарын сала мамандарына қоюға мүмкіндік берді. Олар болашақ мансабына пайдалы әрі құнды тәжірибе мен жаңа білім алды.
«Atlant» ТК әкімшілігіне жылы жүзбен қарсы алып, танымдық экскурсия жүргізгендері үшін алғыс білдіреміз!