«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМКК педагог-психологы А. Алтайқызының ұйымдастыруымен «Педагогтер арасында эмоционалдық күйзелудің алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты: мұғалімдердің эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, күйзелістің алдын алу жолдарын үйрету және ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектесу.
Шара барысында түрлі психологиялық жаттығулар, ой бөлісу сессиялары және практикалық кеңестер ұсынылды.
Ұстаздың көңіл күйі – білім сапасының кепілі!