2025 жылдың 11 сәуірінде Абай облысының Геологиялық барлау колледжінде «Колледждердегі үздік инновациялық білім беру практикасы: білім беру сапасын арттыру жолдары» тақырыбында оқытушыларға арналған мастер-класс (тәжірибе трансляциясы) өтті. Іс-шараға Абай, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Ресей Федерациясының – Новосибирск қаласының оқу орындарының өкілдері қатысты.
Мастер-класс аясында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушылары А.С. Нургожанова, Ж.Ж. Тұрғазы, Р.А. Кошурбаева өз баяндамаларымен және практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша оқытушылар «Абай облысының білім басқармасы» ММ сертификаттарымен марапатталды.