Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Talap» КЕАҚ және Абай облысы Білім басқармасының қолдауымен Абай облысының Геологиялық барлау колледжінде «Жастар жаңа геологиялық ашылулар жолында» атты республикалық студенттік форум өтті. Форумға Абай, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстарының студенттері, сондай-ақ Сібір геофизикалық колледжінің (Ресей) командасы қатысты.
Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжін 103 ТГ тобының студенттерінен тұратын «Геонавигаторлар» командасы таныстырды: Еркинов Әли, Жұмағалиев Жігер, Токанов Алишер, Тоқтасынов Айсұлтан, Төлеубеков Ақтілек, жетекшісі – топ жетекші және арнайы пәндер оқытушысы Тұрғазы Ж.Ж.
Форум қорытындысы бойынша «Геонавигаторлар» командасы II орынға ие болып дипломмен, сондай-ақ «Мамандықтағы үздіктер» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Құттықтаймыз!