«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК педагог-психологы А. Алтайқызының ұйымдастыруымен «Педагогтер арасында эмоционалдық күйзелудің алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренинг мақсаты – педагогтердің кәсіби қызмет барысында жиі кездесетін эмоционалдық күйзеліс және шаршау жағдайларының алдын алу. Тренинг аясында ұстаздар өздерінің ішкі эмоционалдық жағдайын тануға, күйзеліс көздерін анықтауға, жағымсыз эмоциялармен тиімді жұмыс жасауға және оларды басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алды. Тренингке түрлі психологиялық жаттығулар, ой бөлісу сәттері және тәжірибелік кеңестер енгізіліп, педагогтер үшін жағымды, сенімді атмосфера қалыптасты.