2025 жылғы 23 сәуірде Д. Калматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледж базасында Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Жас сарбаз» бағдарламасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Калашников автоматын ішінара бұзып-жинау бойынша облыстық байқау өтті.
Аталған сайыста Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің студенттері оқу орнын абыроймен таныстырып, «Алғашқы әскери дайындық» пәні аясында жоғары шеберліктерін көрсетті.
Жеке нәтижелер: Нигметоллаев Данияр (М-21 тобы) – 2-орын, Болатбекқызы Толғанай (21 ПГС тобы) – 4-орын. Жалпыкомандалық есеп: 14 команданың ішінен 4-орын. Команда жетекшісі: «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы К.К. Имангалиев.
Құттықтаймыз! Білім, дене шынықтыру және патриоттық тәрбиелеу бағытында жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!