Семей қаласында Ұлы Отан соғысының ең қайғылы кезеңдерінің бірі – қоршаудағы Ленинградты көзімен көрген куәгер Клавдия Николаевна Кошелева тұрады. Соғыстан кейін, 1958 жылы Клавдия Николаевна комсомол шақыруына үн қосып, тың жерлерді игеру жөніндегі бүкілодақтық ауқымды науқанға қатысу үшін Семей қаласына (сол кездегі Семипалатинск) келді. Осы жерден тұрақ тапқан ол өмірін осы қалаға арнады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры Тулеуов Каныш Максутович Клавдия Николаевнаны арнайы зиярат етті. Бұл әсерлі кездесу құрмет көрсетудің белгісі ғана емес, сонымен қатар жақсы бір дәстүрдің бастауы болды: Қаныш Максутович Клавдия Николаевнаны қамқорлығына алу туралы шешім қабылдады.
«Біз тек техникалық пәндерді үйретіп қана қоймай, жеке тұлғаны қалыптастырамыз. Ал Клавдия Николаевна сынды жандар – біздің моральдық бағдарымыз. Бұл – тірі адамның үнімен сөйлеуі тиіс тарих. Бұл қадам – тыл еңбеккеріне көрсетілген құрмет қана емес, сонымен бірге жас ұрпаққа арналған маңызды сабақ: есте сақтау, алғыс айту және ұмытпау», – деп атап өтті колледж директоры.