Облыстық Абай кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханашысы Э.С. Ахметова 14 ТГ тобы студенттерімен «Бізді кітап табыстырды» атты фото конкурс ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер кітаптың көмегімен жаңа достар тауып, өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімеледі.