Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде құрылыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсына дайындық қызу жүргізілуде! Қатысушылар үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындары дайындалып жатыр! Әрбір деталь, әрбір құрал – педагогтердің кәсіби шеберлігін толық көрсетуге мүмкіндік береді. Республика бойынша ең үздік педагогтер жиналып, өз білімін, білігін ортаға салады. Бұл – кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және жаңа биіктерге жол ашатын маңызды алаң! Біз барлық қатысушыларды асыға күтеміз! Сіздердің табандылықтарыңыз бен еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Жақын күндері тартысты бәйге басталады! Жеңімпаздарды анықтайтын тарихи сәтке бірге куә болайық! Күш – білімде! Шеберлік – еңбек пен тәжірибеде! Жеңіс – лайықтыларға бұйырсын!