«Құрылыс өнері – The Art of Building» халықаралық фестиваліне шақырамыз!
Құрметті достар! 2025 жылы мамырдың 27-сі күні еліміздің құрылыс саласындағы білім мен шеберліктің алтын ордасына айналған Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде халықаралық деңгейдегі маңызды шара өтпек.
Бұл – «Құрылыс өнері – The Art of Building» атты құрылыс мамандықтарына арналған ерекше фестиваль. Жұмысшы мамандықтар жылының аясында ұйымдастырылып отырған бұл шара – еңбекке деген құрметтің, шеберлікке деген таңданыстың және болашаққа бағытталған кәсіби ынтымақтастықтың жарқын көрінісі болмақ. ШАҚЫРАМЫЗ! КЕЛІҢІЗ! ҚАТЫСЫҢЫЗ!