1 курс 108 топ студенттері далалық геодезиялық процестерді орындау кезінде далалық жұмыстардың инженерлік-геодезиялық зерттеулер бойынша маңызды бөлімін орындауда. Жобалау және іздестіру мақсаттарына арналған 1:1 000 масштабтағы өзекті топографиялық жоспарды алу үшін жергілікті жердің учаскесіне тахеометриялық түсірілім жұмыстары жүргізілді. Жергілікті жерді барлау жүргізілді, учаскенің шекаралары мен түсірілім объектілері нақтыланды, түсіру нүктелері бекітіліп, таңбаланады. Уақытша немесе қолданыстағы геодезиялық пункттер орнатылды. Түсірілім бірнеше станциядан жүргізілді, бағдарлау кері қима бойынша жүзеге асырылды. Түсірілім обектілеріне мыналар жатады: жер бедері, құрылыстар, абаттандыру элементтері (жолдар, тротуарлар, қоршаулар, баспалдақтар), иинженерлік коммуникациялар, жасыл желектер (жеке ағаштар, топтар, екпелер сызықтары).