Қазіргі таңда 103 ТГ тобының техник-геодезист біліктілігі бойынша білім алушы студенттері жазғы оқу практикасы аясында 2-классты нивелирлеу жұмыстарын орындап жатыр. Бұл практика болашақ геодезист мамандар үшін маңызды тәжірибе болып табылады. 2-классты нивелирлеу – жоғары дәлдікті талап ететін геодезиялық өлшеу түрлерінің бірі. Студенттер бұл жұмыстар барысында геодезиялық нивелир аспабын пайдалана отырып, биіктік өсімшелерін анықтауды, нивелирлік жүрістер жүргізуді, бақылау мен тексеру әдістерін, сонымен қатар өлшенген деректерді өңдеу және талдау жұмыстарын үйренуде. Практикалық сабақтар студенттерге нақты далалық жағдайында жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, далалық жағдайда бірлесіп жұмыс істеу арқылы студенттер жауапкершілік, дәлдік және ұқыптылық сияқты қасиеттерді де меңгеріп келеді.