Наурыз айының 28 жұлдызында колледждің конфенц залында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты жолдауы аясында облыстық онлайн бейнелекция өткізілді. Тақырыбы: «Адам капиталы – модернизацияның негізі». Өткізген оқытушылар тарих пәнінің оқытушысы Н.Б. Балтабеков, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.А. Уакаева. Қатысқан топтар 21 ПГС, 22 ПГС. Мақсаты: Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауын насихаттау. Елімізде болып жатқан саяси және рухани жаңғыруды сипаттау. Елбасы жолдауындағы «Адами капитал» бөлімінің мәні мен маңыздылығын жан-жақты түсіндіру. Сол арқылы студенттерді үздіксіз білім алуға шақырып, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелеу.

Бейнелекцияға ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру орталығы мен қаламыздағы жетекші кәсіпорындарының бірі «Көкжиек Холдинг LTD» ЖШС-нің директоры Е.Т. Досанов мырза қатысып, өз ойымен бөлісті.

Бейнелекцияда ҚР Президентінің жолдауы жан-жақты талқыланып, түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге сұрақтар қойылып, пікірталас өткізілді. Студенттер жолдауды қызу талқылап, болашақта білікті маман болып, Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатындарын айтты. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.