2018 жылдың наурыз айының 29 күні «Видео сабақ өткізу аясында арнайы пəндер оқытушылары Дутбаева Аяжан Жексенбаевна және Хуанар Айсауле 21-ПГС, 22ПГС топтарында «Құрылыс-материалдары мен бұйымдары» пəнінен «Темірбетон бұйымдары, қасиеттері, өндірісі жəне қолданысы» тақырыбында ашық видеосабақ өткізді. Оқытушылар жаңа тақырып бойынша темірбетон өндіріс технологиясы, шикізаты, қоймада сақтау жəне тасымалдау əдістері, қолдану саласы туралы әртүрлі мәліметтер келтіре отырып, бейнекөрініс, көрнекілік құралдарды пайдаланып жан-жақты түсіндірді. Сабақ барысында «ТурМерСтрой Company» ЖШС директоры Тураров М.Е. мырза тікелей байланыста болып, оқушыларға осы тақырып бойынша қосымша сұрақтарын қоя отырып, студенттерге өзінің жүрек жарды лебізін білдірді. Сондай-ақ колледжіміздің түлегі, қазіргі кезде «Олжас» ЖШС технологы болып қызмет атқарып жүрген Абдрахманова Р.Т. сабақтың өтуіне өз үлесін қосты.

Сабақ барысында студенттер белсенді атсалысып, сұрақтарға жауап беріп, пән бойынша білімдерін көрсете білді.