2025 жылдың 14 наурызында «Аэрофотогеодезия» пәндік-циклдік комиссиясы апталығын сәтті аяқтады.
Бұл кешке арнайы қонақ ретінде техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) академигі, ҚР құрметті геодезисті, Қазақстан Республикасының Еңбек үздігі Жанар Муратовна Аукажиева шақырылды. Қонағымызбен жақынырақ танысып, кәсіби жолы мен тәжірибесі туралы тың ақпарат алдық. Жанар Муратовна геодезия саласындағы бай тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кеш соңында Аэрофотогеодезия апталығы аясында өткізілген ойындар мен байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.