2024 жылы желтоқсан айының 9-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК өндірістік-оқу шебері Богасбаев Еркебұлан Ниязбекович С-22 топ студенттеріне «Электр жоғасын дәнекерлеу және кесу» пәні бойынша «Пластиналарды біріктіріп тік жағдайда дәнекерлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың негізі мақсаты қауіпсіздік және техникалық ережелерді қатаң сақтай отырып, студенттерге тиімді дәнекерлеу әдістерін меңгерту. Сабақ барысында студенттер тік жағдайда пластиналарды біріктіру үшін электр доғасын дәнекерлеу әдістерін үйренді.

Бұл тәжірибелік сабақта студенттер тек теориялық білім емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларын да жетілдірді, болашақ мамандыққа қажетті қабілеттерді дамытты.