2024 жылы 14 наурызда 21 ПГС тобында жалпы білім беретін пәндер апталығының аясында дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Каратаев Ернур Сембаевич «Баскетбол ойынында допты алып жүру әдістері» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ допты алып жүру әдістері, допты ұстау және пас беру тәсілдерін үйрету мақсатында өтті.

Сабақ барысы:

– қауіпсіздік ережесін түсіндіру

– жаңа сабақты түсіндіру

– жұптық жұмыс

– топтық жұмыс

– кері байланыс.

Сабақта кеудеден екі қолмен, иықтан бір қолмен допты беру техникасын жетілдіру, қорғаныспен және қозғалыста лақтыру міндеттері қойылды және орындалды. Бұл сабақ ептілікті, үйлестіруді, секіруді, белсенділікті, зейінді, ұжымшылдықты дамытады. Сабақты өткізу барысында оқуға деген ынтаны арттыратын, әр түрлі іс-әрекеттерді оқыту үшін оқушылардың денсаулығын сақтау талаптарына жауап беретін, зейінді арттыратын, сабақтарда жайлы атмосфера құратын ойын әдістерін қолдану байқалды. Оқытушы студенттердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескерді. Жаттығулар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келді. Оқытушы жаттығу кезінде қиындыққа тап болған оқушыларды жігерлендіріп отырды.

Әр кезең жоспарда белгіленгендей уақыт регламентіне сай өтті. Білім алушылар сабақта белсене жұмыс істеді. Сабақтың тақырыбы толық ашылып, өз мақсатына жетті. Қатысқан әріптестер сабақты жоғарғы деңгейде өтті деп бағалады.