2024 жылдың 20 қарашасында арнайы пәндер оқытушысы Абдрахманова Маржан Болатқызы «Геодезия және картография» мамандығы «Техник-картограф» біліктілігінде оқитын 3 курс 304 ТК тобымен «О.Н. 8.5. Тақырыптық карталарды құрастыру» пәнінен «Тақырыптық атластар, олардың жіктелуі. Атластарды құру әдістемесі. Редакциялық дайындық, атластың жалпы бағдарламасы» тақырыбында колледжішілік ашық оқу сабағын өткізді. Сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған ашық оқу сабағының мақсаты, бағалау критерийлері күтілетін нәтижелерге сәйкес келді және SMART форматында тұжырымдалған. Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін wordwall.net, learningapps білім беру платформалары ұтымды пайдаланылып, «Бирка», «Активатор», «Түртіп оқу» әдістері тиімді қолданылды. Білім алушылардың назарын оқу материалының маңызды сегменттеріне аудара отырып, маңызды ақпараттар айқындалды. Сабақта қолданылған оқу әдістері күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге, барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға ықпал етті. Білім алушылардың сабақтағы белсенділігі, сабаққа рефлексия жасаулары, өздерінің білімдерін объективті бағалаулары ашық оқу сабағының жоғары әдістемелік деңгейде өткенін көрсетті.