2024 жылдың 5 желтоқсанында арнайы пәндер оқытушысы Н.С. Ибраимова «Геодезия және картография» мамандығы «Техник-геодезист» біліктілігінде оқитын 1 курс 103 ТГ тобымен «ОН 1.2. Топографиялық карталар бойынша есептерді шешу және геодезиялық өлшеулерді орындау» оқу нәтижесі бойынша «Зертханалық жұмыс – 11. Вертикаль бұрыштарды өлшеу, нөлдік орны мен көлбеу бұрышын анықтау» тақырыбында колледжішілік ашық оқу сабағын өткізді.
Зертханалық жұмысты орындау студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Сабақтың маңызды сәттері:
– Білімді өзектендіру Quizzіz платформасы арқылы жүргізілді;
– Тақырыпты баяндау үшін жасанды интеллект элементі AdemAI виртуалды көмекшісі қолданылды;
– Практикалық жұмыстар: Теодолит Т30 аспабында вертикаль бұрыштарды, арақашықтықтарды және көлбеу бұрыштарды өлшеді;
– Google платформасында тапсырма орындау арқылы білімді бекітті;
– Рефлексия: Padlet интерактивті тақтасында «Фрагмент әдісі» қолданылды.
Сабақ заманауи технологиялар мен практикалық дағдыларды білім беру үдерісіне тиімді біріктірудің тамаша үлгісі болды!