2019 жылдың 11 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Исаева Ж.А. қазақ әдебиеті пәнінен «Шәңгерей Бөкеев «Ғылым», «Қосаяқ»» тақырыбында С-14 тобымен ашық сабақ өткізді. Сонымен қоса желтоқсанның 10 күні тарих пәнінің оқытушысы Болатқызы Д. колледж топтары арасында «Тәуелсіздік адамзаттың бақыты» атты танымдық жарыс өткізді. 11 желтоқсан күні тарих пәнінің оқытушысы Балтабеков Н.Б. колледж топтары арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты тарихи танымдық сайыс өткізді. Ашық сабақ және сыныптан тыс шаралар өте көңілді өтіп қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасты.