2024 жылдың 10 желтоқсанында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПЦК апталығының аясында тарих пәнінің оқытушылары Н.Б. Балтабеков, Д. Болатқызының ұйысдастыруымен 1 курс білім алушыларының арасында «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында зияткерлік сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты білім алушыларға біртұтас тәрбие аясында ұлттық құндылықтарымызды дарытып, еліміздің тарихын танып білуге құштарлықтарын ояту болды.
Сайысқа 11 ПГС, 12 ПГС, 13 ТГ, 14 ТГ, 15 ТГ, 16 ТА топтары қатысып, түрлі тақырыптар бойынша «Иә» және «Жоқ», «Тарихи басқатырғыш», «Көкпар», «Тарихқа саяхат», «Таныйсың ба?» кезеңдерінің қызықты әрі күрделі сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде «Сақ» тобы І орын, «Үйсін» тобы ІІ орын, «Ғұн» тобы ІІІ иеленді.