14 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғандығының 30 жылдық мерекесіне орай «Ауған ақиқаты және әскери міндеттің жауаптылығы қандай?» атты әскери-патриоттық тәрбие мақсатында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Ұйымдастырушылар С-22 тобының оқушылары, топ жетекшісі Оразымбетова Р.Д., АӘД пәні оқытушысы, запастағы офицер Имангалиев Қ.Қ. Кездесу кешіне төмендегі Ауған соғысының ардагерлері: Балтабаев Еркінбек, Мыльников Александр, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы майор Кулатаев Қайырбек Тортаевич, АӘД ОӘК төрағасы, запастағы майор Қоңырбаев Ерлан Шаймарданұлы, ҚР ҰҚК, Солтүстік өңірлік басқармасының 2098-ші әскери бөлімнің майоры Рысдавлетов Максат Мырзаханович және «Жас ұлан» мектебінің 92-ші взвод жасұландары, жетекшісі майор Чабеков Ерболат Серикович қонақта болып түрлі әскери жаттығулар бойынша өнер көрсетті. Кездесу барысында ардагерлерге түрлі сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Соңында естелік фото суреттерге түсті.