Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 2017 жылдың желтоқсан айының 25 күні сағат 17.00-де колледж жатақханасында тұратын студенттер арасында бөлмелер сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты — жатақханалардағы тазалық пен тәртіпті сақтау, студенттердің белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану. Сонымен қатар, студенттерді тәртіпке, тазалыққа, ауызбіршілікке шақыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Жатақхана сайысы 2 номинация бойынша өткізілді:
-«Ең үздік безендірілген бөлме»;
-«Ең таза бөлме».
Байқаудың барысын бақылауға арнайы комиссия мүшелері тағайындалды, олар: кәсіптік лицей бөлімінің меңгерушісі Окасов Н.С., колледж топтары бөлімінің меңгерушісі Пронина Л.В., педагог-психолог Кожахметова Б.Б., әлеуметтік педагог Ибрагимова Ш.А., колледж медбикесі Байтанауова Г.С., колледждің көркемдік жетекшісі Асылова Н.Е.
Комиссия мүшелерінің әділ шешімімен сайыс қорытындысы ертең, яғни колледжімізде өткізілетін «Қош келдің, Жаңа жыл 2018» атты мерекелік кешінде жарияланатын болады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталады. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Келешекте де осы тазалықты сақтайтындарыңызға сеніміміз мол. Себебі, жатақханадағы тұрып жатқан басқа да студенттерге сіздер өте үлкен үлгі боласыздар. Барлықтарыңызға келе жатқан Жаңа жылда жаңа табыстар тілейміз!