Колледжде «Қош келдің, Жаңа жыл 2018» атты мерекелік кеші өтті. Жаңа жыл-әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Үлкенде, кішіде келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, сыйлықтар күтеді. Осыған орай 26 желтоқсан күні колледжімізде студенттерге арналған «Қош келдің, Жаңа жыл 2018» атты мерекелік кеш өтті. Кешті колледждің директоры К.К. Тастекеев мырза құттықтау сөзімен ашты. Жаңа жыл кешіне колледждің оқытушылары, топ шеберлері мен студенттері қатысты. Мерекелік кешке сайқымазақтар, әр-түрлі анимациялық кейіпкерлер келіп студенттермен бірге көңілді кеш өткізді. Кеште студенттері Аяз ата мен Ақша қарды қарсы алып, барлық І жəне ІІ курс студенттері әр-түрлі өнерлерін көрсетіп сыйлықтарын алды. 2016-2017 оқу жылында оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштер көрсеткен топтар колледж директорының мадақтамаларымен марапатталды. Жəне де 25 желтоқсан күні өткізілген жатақхана студенттерінің бөлмелер сайысының қорытындысы бойынша жатақхана тұрғындары мадақтамалар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында колледждің топ студенттерінің арасында өткізілген Жаңа жылдық қабырға газеттері сайысының қорытындысы бойынша мадақтамалармен марапатталды. Кеш соңы би кешіне ұласты. Жаңа жыл қарсаңында «Құрылыс-жол пəн бірлестігі» оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен кеш өте қызықты өтті. Студенттерін дайындап, өнер көрсету үшін бар күш-жігерлерін аямаған топ жетекшілері мен топ шеберлеріне алғысымыз шексіз Жаңа жылда толағай табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз алдарыңыздағы студенттеріңіз сіздерді өнерлерімен жəне оқуға деген ынталарымен əрқашан қуантып жүре берсін.