Байдусенов Ерасыл – «Техник-геодезист» біліктілігінде оқитын 202 ТГ тобының студенті. Оның видеовизиткасы мамандыққа деген сүйіспеншілік пен мансап жолын дұрыс таңдауға деген сенімділікті көрсетеді.

«Геовертикаль» чемпионатына қатысу – халықаралық аренада өз білімі мен дағдыларын тексеруге, сондай-ақ тәжірибе алуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.