Ағымдағы жылдың 17-21 қыркүйегі аралығында Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілдер шеруі» айлығын өткізу жоспарлануда. Айлық аясында ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған қалалық жас ақындар мүшайрасы өтті. Аталмыш мүшайраға Семей қаласының жоғарғы оқу орын жəне колледж студенттері қатысты. Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде өткізілген «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?» атты мүшайраны тамашалауға КМҚК «Құрылыс колледжінің» С-13 топ студенттері және оқытушылар барды. Мағжанның жыры арқылы қазақ жастарының рух-жігерін, қайраттылығын көрсеткен жыр шумақтарына куə болып, зор рухани азық алып қайтты.