Құрметті қазақстандықтар бүгінгі басталған апта тәуелсіз Қазақстан тарихында атаулы мерекеге ұласпақ. Ол Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осы мерекеге орай Семей Құрылыс колледжінің ұжымы 17 қыркүйек күні таңғы тақырыптық лездемеде əлеуметтік-гуманитарлық пән бірлестігінің қазақ тілі мен əдебиеті оқытушысы Бозаева А.Т. орыс тілі мен əдебиеті оқытушысы Тогызбаева Қ.С. шетел тілі оқытушысы Қызырбек К.Т. жетекшілігімен мерекенің мені мен маңыздылығы үш тілде түсіндіріліп мəнді мəліметтер берілді.

Бұл айтулы шара осы апта бойы жалғасып бейсенбі, яғни қыркүйектің 20 күні жалпы колледж студенттері арасында өтетін «Тілге құрмет — елге құрмет» атты білім сайысына ұласпақ.