Бүгін «TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан біліктілік арттыру курсының 4-інші күні.
Тақырып: «Оқу нәтижелерін бағалау. Бағалау құралдары қорын әзірлеу».
Курс тренері Нургожанова Арай Серыкжановна тақырыптың мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіріп, топтық жұмыстар арқылы білімімізді тәжірибеде бекітуге мүмкіндік берді. Құзыреттілікке негізделген бағалау, дескриптор құрастыру, БҚҚ әзірлеу жолдары талқыланды. Күн соңында смайлик арқылы рефлексия жасап, әріптестер өз әсерімен бөлісті.
Курс мазмұнды, көңіл-күй – керемет! Кәсіби даму жалғасуда!